33 жекеменшік мектептің үшеуінде ғана SOS батырмасы бар

15
Фото: Отырар.кз

Абай ауданында 33 жекеменшік мектептің тек үшеуінде Sos-батырмасы бар.

Қалған жекеменшік білім ұяларында полиция департаментіне қоңырау жіберетін батырма атымен жоқ. Бұл туралы Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында Нұргүл Қобланова айтты.

Нұргүл Қобланова, Шымкент қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі: «33 мектепті араладық, бірақ 33 мектептің ішінде sos-батырмасы 3 мектепте ғана болып шықты. Қалған 28 мектепте бұл батырма жоқ. Sos-батырмасы қандай да бір жағдай болған кезде сос батырмасын басқан кезде тікелей полиция департаментіне қоңырау түседі. Ол үш-ақ мектепте болып шықты».

Алайда, қалалық білім басқармасының өкілдері бұл жағдайдан мүлдем хабарсыз көрінеді. Ведомство басшысының міндетін атқарушы Елдос Саметов бұл жағдайды алғаш рет естіп отырғанын жеткізді.

«Бұл ақпаратты шынымды айтсам сізден естіп отырмын. Мен жазып алып, тиісті отделға айтып, анықтайық», — деді Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының м.у.а. Елдос Саметов.