5 ауданда «Таза бейсенбі» акциясы өтті

13
Фото: Шымкент қ. ІСжЖІ басқарма

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Шымкент қаласының аудан аумақтарында тазалық акциялары
өтті.

Атап айтқанда, Абай ауданы аумағындағы Тұрлан шағынауданы Шмидта көшесінің бойында тұрғындар тазалыққа үлес қосты.

Іс-шарада Абай ауданы әкімдігі, аудандық коммуналдық мекемесінің қызметкерлері, жастар, тұрғындар белсенділік танытты. Жалпы науқанға 200-ден астам адам қатысты.

Шағынаудан тұрғыны Меруерт Әмірсейіттің айтуынша, тұрғындар әр сенбі сайын аулаларды, көшелерді тазалауда белсенділік танытып келеді.

Ал Әл-Фараби ауданы аумағындағы Республика даңғылы 41а, 43а, Молдағұлова көшесі 10, 12 үй аулаларында санитарлық тазалау, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Науқан барысында шөптерді ору, ағаштарды қырқу, иригациялық жүйелер мен көшелерді тазалау, сыпыру, жол жиектері, арықтар күл-қоқыстан тазартылды. 10 арнайы техника, 150 ден астам адам балалар ойын алаңдарының тозығы жеткен жерлерін жөндеп, жыртылған төсеніштері жамады.

Фото: Шымкент қ. ІСжЖІ басқарма

«Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен тұрғындар ерекше белсенділік танытуда. Қаламыздың тазалығын сақтау – барлық тұрғындардың парызы. Қоршаған ортаны ластауға жол бермей, тұрмыстық мәдениетті ұстануға шақырамыз. Жанға рахат, көңілге шаттық сыйлайтын тазалық шараларына алдағы уақытта да аудан тұрғындары белсене қатысса, нұр үстіне нұр болар еді», – дейді Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Марат Тәжібаев.

Әл-Фараби көшесінің бойы, Бадам өзенінің көпірінен бастап А 2 айналма жолына дейінгі аумақты, 100-ден аса коммуналдық қызметкері артық қоқыстан арырылтты. Тазартылған жердің аумағы 7,5 шақырымды құрайды. ретке келтіріледі.

Фото: Шымкент қ. ІСжЖІ басқарма

5 аудан бойынша коммуналдық мекеменің жұмысшылары көше бойында шөптерді ору, көшені жуу, қоқыстан арылту жұмыстарын атқарды.

Сонымен қатар, Тұран ауданының коммуналдық қызметкерлері мен аудан тұрғындары және «Жасыл ел» еңбекші жастары қатысты Қошқар ата өзені айналасын ретке келтірді.

Қаланың орталығын кесіп өтетін Қошқар ата өзені қала тұрғындарының бір сәт демалуына таптырмас орын. Алайда кейбір жеке сектор аймақтарында өзен бойында тазалық жұмыстары сын көтермей отырғаны жасырын емес. Сондықтан, акцияға тұрғындарды шақыра отырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде жолға қойылған.

Фото: Шымкент қ. ІСжЖІ басқарма

Іс-шарада Кремлевская көшесінен Абай көшесіне дейінгі өзен бойындағы түрлі қоқыстарды, қураған ағаштар қырқу, шөптерді ору және өзеннің суымен жиналған түрлі қалдықтарды тазалап, су көздерін ашу жұмыстары атқарылды.

«Таза аула» экологиялық акциясы Еңбекші ауданында жалғасын тапты. Онда көпқабатты үйлердің аулалары ретке келтіріліп, тазалық жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға қатысушылар бұталарды кесу, шөптерді ору, ағаштарды әктеу, ойын алаңдарын сырлау жұмыстарын атқарды. Атап айтқанда, 11 шағынаудандағы №201, 203, 205, 207 көпқабатты үйлердің аулалары ретке келтірілді.

Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Күзенбаевтың айтуынша, қазіргі уақытта аудандық коммуналдық мекемесінің қызметкерлері тазалық жұмыстарын ұдайы өткізіп келеді. Олардың жұмыстары 9 секторға бөлінген. Коммуналдық мекеме өкілдері тұрғындардың шағымы негізінде де санитарлық жұмыстарын атқаруда. Сондай-ақ, коммуналдық мекеме жұмысшылары мобильді топтармен бірге кешкі және түнгі уақыттары да тазалық іс-шараларын өткізеді.