«Мұғалім» қойылымы көрермен көзайымына айналып келеді

0
фото Әзіл-сықақ және сатира театры

«Мұғалім» қойылымы көрермен көзайымына айналып келеді. Бұл қазіргі қоғамдағы педагогтер мәселесін көтерген айрықша туынды. Мұнда ұстаз бен оқушы, бала мен ата-ана арасындағы нәзік байланысты қалай сақтап қалу керектігі сахна тілінде жеткізілген. Ал ондағы бас кейіпкер – Айдана Айдарбекқызы. Жас маманды сомдауға жергілікті актриса Индира Садықова таңдалып алынған. Бұл туынды қазір Оңтүстік жұртшығын тамсандырып, өзге өңірлерге гастрольге шықпақ.

-Жақында «Мұғалім» қойылымы қалың көрерменге жол тартты. Бұл жолға туынды несімен ерекшеленеді? Бұл қандай қойылым? Сұқбатымызды осыдан бастасақ.

– Тақырып өте өзекті. Себебі ел президенді өз жолдауында, мақалаларында мұғалім құзіретін көтеру туралы көп айтады. Сол тақырып аясында туындаған туынды. Дәйтұрғанмен, дәл қазір, шынында да, өз ісіне адал жан-тәнімен берілген мұғалімдер жоқтың қасы. Бұл сөзіме, мұғалімдер ренжімесін. Менің ойымша педагогтер сапаға емес, санға жұмыс істеп кетті. Бұл жердегі мұғалімнің ерекшелігі – ол өз жұмысын жақсы көргендігі, балаларға шынымен көмектескісі келгендігі. Ол ең соңында өзінің мақсатына жетеді. Ең бастысы адамда ниет. Мұнда мұғалімнің ниеті таза болды. Ол анасына қарап, бала кезден мұғалім болуды армандаған. Негізі кез келген балада болатын арман. Алайда бастысы ойының тазалығы. Ұстаз онда оқушылардың үлгерімі нашарлап, артқа қарай кетіп бара жатқанын көріп, шынымен жаны ашиды. Ол келіп-кетіп, балаларға керек бағасын қойып кете беруіне болар еді. Бірақ олай жасамады. Көрсеңіздер, «менің олай жасауға арым жібермеді» деген монологы да бар. Солайша шын мәнінде көмектеседі. Ол жерде «ең бастысы білімнен гөрі, ең бірінші тәрбие маңызды» деген сөзді ұғындыруға тырысады. Сол мақсатты ұстанып, балалардың тәрбиесі мен олардың ата-анасымен үзіліп бара жатқан байланысты жалғайды.

Фото Әзіл-сықақ және сатира театры

– Демек, Айдана Айдарбекқызы арқылы барша мұғалімдерге үндеу жарияланды ғой?

– Иә, сіздер де балаларды осылай тәрбиелей аласыздар, алға қарай ұмтылдыра аласыздар деген сияқты астары бар. Иә, иә, ол өте көп қиыншылыққа ұшырады. Мектептің ішінде, балалар жақтан, ата-аналар тарапынан тіптен «жұмыстан қуамыз» деген қарсылық болды. Ең соңында ол өзін дәлелдеп, өзінің мақсатына жете алды. «Ата-аналарға бір мүмкіндік беріңіздер. Балаларыңызбен жеке-жеке бір сұқбаттасыңыздар» деп жанайқайын жеткізеді. Себебі, біз қазір балаларымызбен сөйлеспейміз. Оларды материалдық құндылықтармен қамтамасыз етеміз болды. Сол арқылы баланың жағдайын жақсарттық деп ойлаймыз. Әлде жұмыста көп болып, жанында болмағанымызды сол материалдық құндылықпен жапқымыз келе ме? Әйтеуір, қазір бұл жағдай бәріміздің өмірімізде болып жатыр. Ол сол нәрсені жалғай алды. Бір сөйлесіп көріңіздер деп, сол бір сұқбаттың арқасында бала мен ата-ананың арасы алшақтап кеткендігін, шын мәнінде кім ненің қалайтынын түсінісіп береді. Сонда бала мен ата-ана жылап, бір шешімге келіп, бір-бірінің жанын ұғысты.

– Бұл қазіргі баланың психологиясының басқа екенін көрсететін сияқты. Сіз қалай ойлайсыз?

-Енді қазіргі балалар еркін болып тұр. Біз тәртіптің не екенін біліп өстік. Бір жұмысы бітпей ешқандай босаңсуға болмайтынын ұығып өстік. Ал қазіргі балалар басқаша.  Қалауына қарай істейді, қаламаса істемейді. Соны ашып көрсетуге тырыстық.

– Бұл мәдени туындыға дайындық қалай өтті? Дайындыққа қанша уақыт жұмсадыңыздар?

– Негізі дайындыққа 1 ай берілді. Алайда сыртқы қойылымдар жүрді. Соған байланысты кішкене кешеуілдеді. Алайда барымызды салдық. Көрерменге ұнаған сияқты, бастысы. Бұл премьера көрерменге ғана емес, өзімізге де ой салды.

Фото Әзіл-сықақ және сатира театры

– Ал, қойылым қалың көпшілікке жол тарта салысымен сіздер аймақтарды аралауға кеттіңіздер. Халық қалай қабылдады.

– Өте жақсы қабылдады. Басында жаңашылдық болса, ешкім қоймаған дүние қояйықшы деген актерлар тарапынан ұсыныстар болған. Дегенмен режиссер осы тақырыпты қабылдап қойдық деді. Бірақ бұл қоғамдағы өзекті мәселе болғандықтан, көрерменнің жүрегінен орын тапты. Тіпті кейбір мұғалімдер келіп, рақмет айтып жатты. Олар «біздің тақырымызды кім көтерер екен? Қашан бізге назар аударады» деп жүрген едік деп ыстық лебізін білдіргендер де кездесті. Соған қарап біздің негізгі міндетіміз орындалды деген ойдамын.

– Әңгімеңізге рақмет.

QAINAR KÓZШымкент қаласы әзіл-сықақ және сатира театры