Әл-Фараби ауданында 38 көшеге асфальт төселеді.
Нақтырақ айтқанда, 8 көше күрделі, 30 көше орташа жөндеуден өтеді. Сондай-ақ, қауіпсіздік мақсатында көшелерге 114 камера орнатылып жатыр. Ал 118 көшеге жарық жүргізіледі. Қазір мемлекеттік сатып алу конкурсы жүріп жатыр.
Марат Тәжібаев, Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары: «Бірақ 118 көшемен біз Әл-Фараби ауданын толық қамти алмаймыз, өкінішке орай. Себебі, қазір біздің бірінші басымдық – мектеп, балабақша, әлеуметтік нысандар бар жерді бірінші жарықтандыру керек. Одан кейін барып тұйықтар, өткелдерді жоспарлаймыз. Себебі, қазір біздің мақсатымыз – қазіргі бетон бағандар емес, мемлекет қаржысын үнемдеу мақсатында бағанасыз басына ғана шамын қою жұмыстарын жасаймыз. 100 пайыз қамти алмаймыз, бірақ жоспарда бар».