Әл-Фараби ауданында 29 мыңнан аса кәсіпкер мен жұбайы декларация тапсырады

84
Фото: Отырар.кз

Жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі бітуге 2 ай ғана қалды. Алайда қалада әлі күнге СЕН тапсырудан хабарсыз адамдар бар. Сондықтан мамандар сауда орындарын аралап, түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр.

Екі айдан соң жергілікті кәсіпкерлер жалпы халықтық декларациялаудың үшінші кезеңі аяқталады. Ал Әл-Фараби ауданында бұл санатқа ететтін 29 мыңнан аса азамат бар. Қазірге дейін оның 10 мыңға жуығы ғана 250 формалы құжатты тапсырып үлгерген. Сондықтан мамандар арнайы рейд ұйымдастырып, түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр.

8 жылдан бері кәсібін дөңгелетіп келе жатқан Айбек Бекташов, бүгінде еңбегінің нәсібін көріп келеді. Ол аталған салық есептілік нысанын естігенін айтады. Жұмыстан қолым қалт ете қалса, жақын күндері тапсырамын дейді бизнес иесі.

«Біз бірнеше жылдан бері осында көкөніс сатамыз. Декларация тапсыру жайында ақпарат естігенмін. Жеке кәсіпкерлігімнің есептілігімен бірге оны да Алла қаласа тапсырамын деп отырмын», — дейді кәсіпкер Айбек Бекташов.

Мамандар жастардың белсенді екенін айтады. Олар ақпаратты ести сала есептілік нысанын тарсырып жатқан көрінеді. Ал егде жастағы кәсіпкерлер көбіне бұл өзгерістен хабардар болмай шығады дейді. Салық қызметкерлері сондықтан түріндіру жұмысын жүргіліп, мүмкіндігінше көмек беріп жатқанын жеткізді.

Фото: Отырар.кз

«Біздің бүгінгі атқарып жатқан жұмысымыз жалпыға бірдей декларацияға қатысты. Біздің үлкен сауда орталықтарында дара кәсіпкерлер бұл ақпаратты біле бермейді. Күнделікті күйбең тіршілікпен жүріп ұмытып кетеді. Сол жағы қиындық қудырады. Себебі үлкен жастағы ата-апаларымыз оны түсіне бермейді. Сондықтан келіп, хабарлама жасап жатырмыз» — дейді Әл-Фараби ауданы бойынша МКБ өндірістік емес төлемдер бөлімінің бас маманы Шерхан Мәжит.

Ал 270 СЕН-ын 14 мыңға жуық Әл-Фараби ауданының тұрғыны тапсырады. Жылпыға бірдей декларациялауді кешіктірген азаматқа бірінші ретте ескерту беріледі. Ал 1 жылдың ішінде бұл жағдай қайталанса, 15 АЕК есебінде әкімшілік айыппұл салынады.