Археологтар Саураннан қыш күйдіретін тарихи пештің орнын тапты

26
фото ТО әкімінің баспасөз қызметі

Сауранда жаңа жәдігер табылды. Алматылық археологтар Қарашық өзені маңынан қыш күйдіретін пештің орнын анықтады. Алдын ала болжам бойынша онда Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің кірпіші құйылған болуы мүмкін. Сондықтан тарихи мекенге облыс әкімі барып, жұмыс барысымен танысып қайтты.

Сауранда қыш күйдіретін көне пештің орны анықталды. Археологтар болжамы бойынша онда Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің кірпіші құйылған болуы мүмкін. Сондықтан аймақты тарихи туристік орталыққа айналдыру жоспарда бар. Сол мақсатта өңір басшысы қалашыққа барып, нысанның жай-күйімен танысты. Әзірген бұл нысан қай ғасырға тиесілі екені әлі белгісіз.

«Бұл пеш бұзылмай сақталған. Үстіне қамыс тастап, оның үстін су өтпейтіндей етіп жабамыз», — дейді археолог. 

Табылған құмбыздың іргесі бұзылмай сақталған. Қазір эерттеу жүргізіліп жатыр. Мамандар ескі шаһардың өмір сүрген уақытын анықтау мақсатында көлемі 3 метр, тереңдігі 5 метр қазба жүргізіп, оның жасын анықтайтын заттай деректерге қол жеткізген. Тарихи жәбігерді тамашалаған Дархан Сатыбалды өңірлік табиғи паркін жандандыруды ұсынды.

«Мынадай табиғат бар, тарихи орындар бар. Біз бұны туристік орындарға айналдыруымыз керек. Түркістанға келген қонақтарды Керуен сарайға апарамыз, кесенеге апарамыз. Бітті басқа ештеңе жоқ. Жаңа нысан ұйымдастыруымыз керек. Ал бұл тарихи орын керемет емес пе», — дейді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.

Айта кетейік, «Әзірет-Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты Сауран қалашығы аумағынан «Сапар орталығы» салынып жатыр. Ғимараттың аумағы– 1 гектарды құрайды. Қазір нысанның ісгетасы қаланып үлгерді.