Шымкентте жаңа әрі заманауи білім ордасы бой көтерді. Auzhan көптілді лицейі оқушыларға өз есігін айқара ашты. Мәселен бүгін білім ұясының басшылығы ата-аналар мен балалар үшін ерекше іс-шара өткізді. Лицей ғимаратында тренинг ұйымдастырылып, ашық есік күні өтті.
Лондон, Анкара, Париж – бұл әлемнің әр түкпірінде орналасқан қалалар ғана емес, Auzhan көптілді лицейіндегі оқу кабинеттері. Заманауи үлгідегі аудиториялары бар білім ордасының құрылысы осыдан тура бір жыл бұрын басталған. Балаларға білім берудің түрлі жаңа әдістерін қолға алған мектептің өз жатақханасы болады. Мұнда оқушылар елдің түкпір-түкпірінен келіп білім алуға мүмкіндік жасалған.
Әлімхан Әбжанов, құрылтайшы: «Біздің мектебімізде балалар үшін барлық жағдай жасалған. Бұл жерде кең спортзал, футбол алаңы, амфитеатр, бокс залы, гимнастика залы, кітапхана болады. Қазір біз тұрған кітапхана Дулат Исабеков атындағы әдеби орталық, бұл жерге 6000-ға жық кітап сыяды. Құрылыс жұмыстары 99 пайыз біткен, енді тек жабдықтаумен айналысып жатырмыз».
Бүгін білім ордасында елімізге белгілі отбасылық коуч, профессор Асхат Әбжанов ерекше тренинг өткізді. Арнайы шақырылған маманның кеңесін тыңдауға көптеген ата-аналар жиналды. Auzhan лицейіне екі баласын әкеліп отырған Нұрсұлу Кенжебекова да бүгінгі тренингке қатысты. Ол мұндай іс-шаралар ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға үлкен үлес қосатынын айтады.
Нұрсұлу Кенжебекова, ата-ана: «Тренинг маған өте ұнап жатыр. Бала мен ананың арасындағы қарым-қатынас бойынша болып жатыр. Балаға тәрбие, дұрыс жол, бағыт-бағдар беру жайлы болып жатыр. Қатты ұнап жатыр, алдағы уақытта да осындай тренингтер өткізіп тұрса, нұр үстіне нұр болар еді. Маған қатты ұнады бұл мектеп. Танысу бағдарламалары болды, сол кзеде барлығымен таныстық, бәрі ұнады, көптілді лицей. Балаларым бірнеше тіл меңгерсе екен деймін. Бір сыныпта 20 баладан артық болмайды деді, сонысы қатты ұнады».
Ал ата-аналар тренингке қатысып жаңа, тың ақпараттармен сусындап жатқан кезде, балалар ескерусіз қалмас үшін оларға арнап олимпиада ұйымдастырылды. Түрлі жастағы мектеп оқушылары білімдерін сынап, бағалы сыйлықтарға ие болды. 1450 балаға арналған лицейде 60 оқу аудиториясы, кеңейтілген зертханалар бар. Мұнда балалар ағылшын тілінен бөлек тағы бір шет тілін меңгеріп шыға алады. Ол үшін неміс, француз, қытай, түрік және араб тілдері оқытылады.
Әлібек Алатаев, «Auzhan KTL» көптілді мектеп-лицейінің директоры: «Мектептің миссиясы – көп тілді және салауатты, өзіне сенімді, білім алуға құштар, белсенді азаматтық позициясы бар тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Дәріс барысында, сабақтан тыс тәрбие жобаларында біз балаларға ашықтық, жариялылық, академиялық адалдық және отансүйгіштік секілді құндылықтарды сіңдіретін боламыз. Мектептің лабораториялары толыққанды жабдықталуда. Лиецейіміздің ерекшелігі екінші шет тілі жобасы жүзеге асырылатын болады».
Мұнда білім-ғылым, өнер, спорт бағытындағы түрлі үйірмелері мен гринхаус, робототехника, бағдарламалау және 3d модельдеу сабақтары өтеді. Оқу жылы ішінде білім алушылар үшін World Class фитнес-клубында жүзу бойынша сабақтар ұйымдастырылады. Білім алушылар үшін барлық жағдай жасалған білім ұясы Қазақстанның барлық өңірінен оқушыларды қабылдауға дайын.
Мекен-жайы: Тассай тұрғын алабы, Төлеметов Көшесі 1680/13.
(БИІК спорт кешені аялдамасы).
ИП «Әбжанов Ж.Ә» ИИН 900921300025