Dos оптика 600-ге жуық жоғары сапалы көзілдірік жақтауын ұсынады

28
Фото: Отырар.кз

Брендтік көзілдірік, ыңғайлы жақтау мен сапалы жанаспалы линза. Мұның бәрін Dos оптика дүкендер желісінен табуға болады. Сонымен қатар, онда ең мықты мамандар диагностикадан өткізіп, әр тұрғынның ыңғайына қарай көзәйнек таңдап береді.

Шымкенттік тұрғын Аружанның көру қабілеті осыдан 8 жыл бұрын нашарлай бастаған. Ол түнгі уақытта көп кітап оқу, жанарына бұлай қатты әсер етеді деп ойламапты. Кітапқұмар ару өзінің бет пішіні мен қалауына сай келетін көзілдірікті көп іздегенін айтады. Ал Dos оптиканы тапқалы, көзімнің жағдайына алаңдамайтын болдым дейді.

Фото: Отырар.кз

«Өзіме ыңғайлы формада, жақсы, жоғары сапалы көзілдірік іздеп жүретінмін. Өзіме ыңғайсыздық тудырмайтындай көзәйнек көп іздедім. Осы уақытқа дейін қаншама оптикаға қаралдым. Бірақ өзімнің жандүниеме жақын нәрсене Dos оптикадан таптым. Яғни, өзімнің бет әлпетіме тура келетін жақтау түрін және жоғары сапалы линзаны осы Dos оптикаға жасатамын. Жақындарыма, ата-анама, достарыма да Dos оптиканы ұсынамын», — дейді Шымкент қаласының тұрғыны Аружан Әтірхан.

Кез келген тұрғынға достық ілтипат танытып, сапалы қызмет көрсететін Dos оптика 600-ге жуық көзілдірік жақтауы мен 150 түрлі күннен қорғайтын көзәйнек ұсынады. Бренд және люкс сападағы тауарлар Корея, Түркия, Ресей мен Еуропаның бірнеше елінен әкелінеді. Сонымен қатар, Dos оптикада Корея мен Жапониядан жеткізілген жанаспалы линзаның сан түрі бар. Мамандар өнім тек арнайы тексерістен кейін ғана тұтынушыға берілетінін айтады.

«Біз өзімізге келген тұтынушылардың бәріне алдымен көзін тексеруден өткізуді сұранамыз. Көзін тексерген соң, толықтай көзілдірік тағу керек па, тақпау керек пе, алдын ала диагностикадан өту керек па сол жағын түсіндіреміз. Егер көзілдірік тағу керек болса, қандай көзәйнек, қандай жанаспалы линзалар тағуға болады. Толық ақпарат береміз. Бізде келушінің диоптриясымен көзәйнек болса, жарты сағатта жасап беруге тырысамыз», -дейді оптеметрист Гүлдана Құрбанова.

Фото: Отырар.кз

Dos оптика дүкендер желісінің 7 қалада 17 филиалы бар. Қазір елімізде брендке айналған мекеме арнайы «Барлығы 7995 тг» акциясын ұсынады. Оның ішіне көзілдірік жақтауы, линза, қорапша, сулық және диагностика мен шебердің қызметі кіреді. Мұндай таптырмас мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Ол үшін Бауыржан Момышұлы 13 мекенжайындағы Dos оптикаға жүгінсеңіз жеткілікті.

Мекенжайы: Б. Момышұлы көшесі 13 үй;
Instagram: dos_optica
Байланыс нөмері: 8-778-256-66-36

Тіркеу нөмері: №67581, ҚР Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК-мен берілген.