Сайрам ауданының тұрғыны әлеуметтік желі арқылы экстремистік материалдар таратқан 

2

Түркістан облысында экстремистік сипаттағы материалдарды таратқан күдікті ұсталды.

Күдіктіні жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының және ҰҚКД қызметкерлері құрықтады.

Діни экстремизмнің жақтаушысы Сайрам ауданының тұрғыны әлеуметтік желі арқылы радикалды уағызшылардың бейнероликтері мен терроризм идеологиясын насихаттайтын материалдарды таратқан.

«Күдіктінің үйін тінту кезінде жедел уәкілдер діни бағыттағы 300-ге жуық кітапты, ноутбукты және басқа да заттай дәлелдемелерді тауып, тәркіледі. Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті тергеу изоляторына қамалды»,-деді полиция.

Қазіргі уақытта осы факт бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

(Фото: Түркістан облыстық ПД)