Түркістанда 400-ге тарта нысан құрылысы жүріп жатыр

4
фото ТО әкімінің баспасөз қызметі

Түркістанда қазір 400-ге тарта құрылыс жүріп жатыр. Оның басым бөлігі денсаулық саласына тиесілі. Биыл өңір қандай ғимаратпен толығырады? 

Түркістан облысында биыл 373 нысанның құрылыс жүріп жатыр. Оның басым бөлігі денсаулық саласына тиесілі. Атап айтқанда, қазір 74 ғимарат тұрғызылып жатса, оның 5-еуі жыл соңына дейін ел игілігіне беріледі. Ал қалғаны келер жылға өтпелі. Сонымен қатар, өңірде бірқатар мектеп бой көтереді.

«Білім беру саласында, жалпы, 21 нысанның құрылысы басталды. Оның 14-і биыл, қалған 7 нысан 2025 жылы ел игілігіне берілмек. Сонымен қатар осы жылы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 63 мектептің құрылысы басталды. Биыл 29 білім ұясын пайдалануға беру көзделіп отыр», – дейді Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тоқтар Үсібәлиев.

Сонымен қатар, инженерлік инфрақұрылым және абаттандыру бойынша өңірде 115 нысанның құрылысы басталды. Жыл қорытындысымен оның 45-і пайдалануға тапсырылса, 70 нысан келесі жылы аяқталады деп жоспарланған.

Өңір тұрғындарын баспанамен қамту мәселе өзекті. Сондықтан тұрғын үй салу жұмысы қанқын алған. Атап айтқанда қазір 44 ғимарат бой көтеріп жатса, оның 6-ауы биыл пайдалануға беріледі.