Сайрам-су өзеніне батып кеткен 16 жасар қыздың денесі табылды

238
фото: Түркістан облысы ТЖД

Құтқарушылар Сайрам-су өзеніне құлап, суға батып кеткен 16 жасар қыздың денесін тапты. Марқұмның денесі оқиға орнынан 500 метр төменде өзеннен табылған.

Үш күн бұрын, 28 шілде, сағат 10:00 шамасында Түркістан облысы ТЖД-сінің кезекші бөліміне «Сайрам-Өгем» табиғи паркінің аумағында, Қасқасу ауылынан 15 шақырым жерде Сайрам-су өзеніне жас қыз құлап кеткені туралы хабар түскен. Куәгерлер қыздың Сайрам-су өзенінің жағасында суретке түспек болған кезде тайып кетіп, суға құлағанын айтқан. Ағысы қатты өзен іліп әкетіп, қыз қойтастардың арасына қыстырылып, суық судан шыға алмай қалған. Іздеу үш күнге жалғасты.

Асқат Ержанов, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары: «Бүгін, 31 шілде, Төлеби ауданында сағат 16:00-ден бастап іздестіру жұмыстары басталған. Іздестіру жұмыстарының нәтижесі шықты. Сағат 16:10-да батып кеткен қыздың денесі Сайрам-су өзенінде табылған. Содан кейін қыздың денесі полиция қызметкерлеріне тапсырылды».