6 айдың қортындысымен Түркістандағы өңірлік өнім көлемі 928 млрд теңгеге жуықтады. Меже 3,7 пайызға артық. Осылайша облыс елімізде 8 орынға тұрақтады.
Түркістанда өңірлік өнім көлемі 927,6 млрд. теңгені құрады. Осылайша бірінші жарты жылдық қорытындысымен өсім 3,7%-ға жоғарылады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қысқа мерзімді экономикалық өсім 106,5%-ға жетті. Нәтижесінде облыс елімізде 8 орынға тұрақтады.
«Нақты көлем индекті 103,7 пайыз қалыптасты. Жеңіл өнеркәсіп есебі тамақ өнімдері, тау кен өнідірісі есебінен орындалып жатыр. 6% экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша тиісті салалық басқармалар мен департаменттерден Өңірлік жедел штаб құрылған. Үкіметпен айқындалған 6 ай жоспары бір-екі саладан басқа бағыттарда толық орындалды. Өнеркәсіп өнім көлемі 551,6 млрд. теңгені құрап, өсім 106,8% деңгейінде болды», — дейді ТО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Қайыпбек.
Ал өнеркәсіп өнімінен түскен табыс 551,6 млрд. теңгені құрады. Меже 106,8%-ға жетті. Ондағы негізгі үлес уран өндірісіне тиесілі. Бұл бойынша табысты аудандар көшін Созақ бастап тұр. Дегенмен өңір басшысы кәсіпкерлік нысандарын ашу бойынша аймақ әкімдерін сынға алды.
«Жылғыз облыспен экономикасын күшейте алмаймыз. Әкімдер жұмыс істемей отырсыздар. Сауран мен Арыс кішкене жұмыс істеп жатқанын көріп тұрмын. Қалғандарының қолқусырып отырсыздар. Кішкене инвестиция тарту жағын ойлауларыңыз керек. Шетелге барып, жаңа дүниені алып келейін деп жатырмыз деген 1 ұсыныс жоқ. Бәйдібек, Созақ, Түлкібас аудандарының әлеуеті жоғары. Кентаудың потенциалы қандай жоғары. Бірақ бізге көрсетпей жатырсыздар. Мемлекет басшысы биыл экономиканың 6% өсімін қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Үкімет тарапынан арнайы жоспар түзіліп, негізгі көрсеткіштер бойынша жоспар айқындалған. Барлық аудан, қала әкімі мен басқарма басшылары өздеріне бекітілген индикаторларды орындауы тиіс. Бұл мәселені екі аптада бір рет тұрақты түрде талқылауды тапсырамын», — дейді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.
6 ай ішінде өңірде 371 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Аталған сала бойынша барлық аудан, қалада оң өсім қалыптасқан. Ал бағалау қорытындысымен Бәйдібек, Сауран, Шардара аудандары үздіктер қатарынан табылды.