Түркістанда оқушы қыз анасы ұялы телефон алып бермегені үшін үйінен кетіп қалған

33

Түркістан қаласында 13 жасар қыз үйінен кетіп қалған. Жасөспірім ұялы телефон сатып алып бермегені үшін анасына ренжіген.

Полицейлерге қала тұрғыны кешкі сағат 19:00 шамасында арызданып келген. Айтуынша,  күндізгі сағат 12:00 шамасында қызы үйінен шығып кетіп, содан хабарсыз кеткен. Перзентін өз бетінше іздеуден еш нәтиже шықпаған соң, полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары дереу іздестіру шараларына кіріскен.

«Тәулік ішінде қыздың жүрген жері анықталды. Ол саябақта достарымен бірге серуендеген. Тексеру барысында жас қыз ұялы телефон алып бермегені үшін анасымен ренжісіп, үйінен шығып кеткені анықталды. Содан достарының үйінде түнегені белгілі болды»,-делінген полиция мәліметінде.

(Фото: Pixabay.com)