«Журналист – қоғамның айнасы»

35

 

 «Жаңа күн» бағдарламасының бүгінгі қонағы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, «Отырар.кз» сайтының бас редакторы – Гүлжан Көшерова.

«Қазақ әдебиетін оқып өскен журналист қамшы салдырмайды. Бүгінгі жас журналистер телеарна саласына қатты қызығады. Өзінің бет бейнесін қалыптастырып, тез танымал болғысы келеді. Ол да дұрыс шығар. Дегенмен журналист мамандығын таңдап келген жас журналистер газетте жұмыс істеп, шыңдалып, шеберлік мектебінен өткенін дұрыс деп санаймын. Кейбір жастардың жазған мақаласын оқып, қарның ашады, тіл жұтаңдығы басым… Жас журналистер алғыр, ізденімпаз болуы керек», — дейді Гүлжан Көшерова.

БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында «Жаңа күн» бағдарламасында қонақта болған кәсіби журналистің айтарын ютуб арнамыздан тамашалаңыздар…