18 құрама арасында отбасылық эстафета өтті

34
Фото: Отырар.кз

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Отбасылық эстафета өтті. Сайысқа салауытты өмір салтын ұстанған 18 жанұя қатысты. Олар спорттың бірнеше түрінен сынға түсіп, кіл мықтыны анықтады.

Қаламызда «Отбасылық эстафета» сайысы өтті. Жарыста салауатты өмір салтын ұстанып жүрген 18 отбасы бақ сынады. Соның бірі Жаңатілеуовтер әулеті. Олар биыл командалық жарысқа бірінші рет қатысып отыр. Сондықтан алған әсеріміз ерекше дейді шаңырақтың отағасы.

«Өзім футболмен айналысқанмын. Қызым түрлі спортпен айналысады. Бүгін көріп қызымды жеңіл атлетикаға қатыс деп шақырып жатыр. Доп лақтыру, ұзындыққа секіру боды. Өзің қатысқан бөлек, ал отбасымен қатысқан қызық екен», — дейді Шымкент қаласының тұрғыны Арман Жаңатілеуов.

Эстафеталық сайыста қатысушылар 4 түрлі спорт түрінен сынға түсті. Ұйымдастырушылардың сөзінше жарыс талабы қатал. Мұнда тек шынайы шаңырақ құрған, заңды құжаттарын дәлелдей алғандар ғана қатыса алады.

«Бұл тек эстафеталық жарыс. Жалғыз адам қатыса алмайды. Әкесі-анасы, баласы қатысуы керек. Жарыс өте қатал. Қатысушылар туу туралы куәліктерді көрсетіп барып, қатысады», — дейді №2 спорт мектебінің жаттықтырушысы Айдана Болысбекқызы.

Жанұяны бірлік пен татулыққа шақыратын сайыс 2 жылда 1 рет өткізіледі. Отбасылық эстафета қорытындысымен 1 орынды 20-ыншы мектептің үміткерлері ұста, 2 орынды №2 спорт мектебінің ата-анасы жеңді. Ал №4 мектептен қатысқан жанұя 3 орынға місе тұтты. Оларға арнайы кубок табысталып, алғыс хатпен марапатталды.