Күзде 11 жастағы қыздарға адам папиллома вирусына қарсы вакцина салу басталады. Мамандар бұл жатыр мойны обырының алдын аратынын айтады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінде қатерлі дертке душар ететін басты фактор аталған вирус. Дегенмен екпе алу немесе алмау мәселесін ата-аналардың өзі шешеді.
Елімізде жатыр мойны обыры ең көп таралған ауру түріне жатады. Сондықтан биыл бұл дертті тудыратын адам папиллома вирусына қарсы екпені ұлттық күнтізбеге енгізді. Қыркүйектен бастап 11 жасқа толған қыздарға тегін егу жұмысы жүреді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жатыр мойны ісігінің 95%-ы аталған вирустан туындайды.
Адам папиллома вирусының 200-ге жуық түрі бар.
Жоғары онкогенді қауіпті штаммдар: 6, 18, 31, 33
Төмен онкогенді қауіпті штаммдар: 11, 32, 40-44, 72
Ақ қалаттылардың сөзінше елімізге әкелінетін екпе 4 валентті. Оның құрамында ең қауіпті саналатын 18-інші штаммы бар. Ол алдағы 10 жылда әйелдер денсаулығын қорғауға қауқарлы. Дегенмен вакцинация ерікті түрде ата-анасының немесе қамқоршысының жазбаша келісімі арқылы жүреді.
«Жоқ, маған ондай артық заттың керегі жоқ сияқты»;
«Ғылым дәлелдеп қойған пайдасын. Оны салдырған дұрыс»
«Қарсы емеспін, салдырамыз»
«Салдырғысы келетіндер салдыратын шығар Мен салдырмаймын. Қаздарыма да салдырмаймын», — дейді қала тұрғындары.
Екпені 9 жастан бастап алуға мүмкіндік бар. Ал жас отыздан асқан әйелдер әр 4 жыл сайын жатыр мойны обырына байланысты скринингтен өтеді. Дегенмен жыл сайын Қазақстанда 1500-ден аса адам аталған дертке душар болады. Мамандар оның алдын алу жолы екпе екенін айтады.
«Бұл вакцина — өлі вакцинаға жатады. Вакцинадан кейінгі әсері адамның денесі қызаруы мүмкін. Қызуы көтерілеуі мүмкін. Бірақ баланың иммунитетіне қарай тез өтіп кетеді», — дейді иммунолог Тілай Тамаева.
20 тамыздан бастап, екпені салумен айналысатын мамандардарға түсіндірме жұмысы басталады. Ал күзде ата-аналарының келісімімен вакцинаны салу басталмақ. Мамандардың сөзінше елімізге жеткізілетін өнім құны қомақты. Соған қарамастан қатерлі аурудың алдын алу мақсатында тегін вакцинациялау жүргізіледі. Ал оның күші 10 жылға жетеді.