Блогер Мұрат Әбділда мерзімінен бұрын бостандыққа шығатын болды

33
фото adiletkhan парақшасынан алынды

Көпшілікке әлеуметтік желі арқылы танылған әнші, блогер Мұрат Әбділда бостандыққа мерзімінен бұрын шығатын болды. Бұл туралы блогердің адвокаты Молдахан Әділетхан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында сүйіншіледі.

“Достар, сүйінші! Мұрат Әбділда түрмеден шықты. Сот әділ шешім шығарды. Енді соттың үкімі 15 күнде күшіне енеді. Бұл – біздің жұмысымыздың нәтижесі”, – деді құқық қорғаушы Молдахан Әділетхан.

Еске сала кетсек, әнші әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, таптық араздықты қоздырғаны үшін сотталған болатын. Оның түрмедегі жағдайы туралы «Отырар» арнайы сюжет дайындаған болатын.