Хлорелла оң нәтиже берді

29

 Тазартылған сарқынды сулар сақталатын Бөржар жинақтағышының айналасындағы экологиялық жағдай жақсаруда. Тоғанға хлорелланың жаңа партиясы құйылды. Петропавл су зерттеу ғылыми-техникалық орталығынан Шымкентке 920 литр арнайы сұйықтық жеткізілді. Бұл 2024 жылдың басынан бастап өсірілген микроорганизмдердің 4 партиясы.

Хлорелла-тазартылған ағынды сулардағы қалдық зиянды заттарды жоятын микроорганизм. Ол оттегінің көп мөлшерін бөледі. Сонымен қатар, хлорелла балықтардың қорегі болып табылатын әртүрлі шаян тәрізділер үшін жақсы азық. Өткен жылы, Бөржар жинақтағышына ақ амур және крестьян тұқымының шабақтары жіберілген. Балықтардың тіршілігі үшін тазартылған ағынды сулар қолайлы болуда. Балықтардың ортаға  бейімделуі  ағынды сулардың тазалығының нәтижесі. Егер ағынды су  улы болса, бірден қырылып қалар еді.

«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС әкімшілігінің жүйелі іс-шараларының арқасында тазарту құрылыстары кешені мен Бөржар жинақтағышының айналасындағы экологиялық жағдай жақсаруда. Жақын маңдағы тұрғын үй алаптарының тұрғындарына жайлылықты қамтамасыз ету үшін қомақты қаражат жұмсалуда.

Ағынды суларды тазартуда жағымсыз иісті жою үшін қымбат компоненттер қолданылады. Мысалы, Айдро өнімі, түрлі биологиялық қоспалар және хлорелла.