Сайрам аудандық Ішкі саясат бөліміне қарасты Жастар ресурстық орталығы КММ-нің ұйымдастыруымен «Жастармен бірге» ұлттық жастар онкүндігіне орай кино көрсетілім өткізілді. Көрсетілім барысында Отандық «Оян, Қазақ» фильмі аудан жастары назарына ұсынылды.
Аталған іс-шараның мақсаты — жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, жастармен тығыз қарым-қатынаста болуға бағытталған.