Салмағы 5 келіден асады: Қазығұртта алып сәби туылды

48
фото ТО ДСБ

Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының перзентхана бөліміне өз толғағымен аудан тұрғыны келген. Дәрігерлер Раимова Гүлназды дереу қабылдап, тексеру жұмыстарына кіріскен.

Тексеру барысында Гүлназдын қағанақ суының келуіне байланысты ота жолымен босандыруға шешім қабылдаған. Нәтижесінде таңғы сағат 06:50-де 5 келі 20 грамм сәби дүниеге келген.
Раимова Гүлназдың бұл алғашқы жүктілігі дейді дәрігерлер. Бес жарым келіге жуық болған сәбидің бойының ұзындығы 58-сантиметр болған. Қазір ана мен бала өміріне төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ. Жағдайы жақсы.