Төлеби ауданында салмағы 5 келі тартатын сәби дүниеге келді

385

Төлеби аудандық орталық ауруханасының дәрігерлері өткен жылы сәбилердің кіндігін көбірек кескендіктерін мақтанышпен жеткізіп отыр. Былтыр мыңға жуық сәби дүние есігін ашса, олардың басым бөлігі ұл балалар екен.

Балағынан бала саулаған аналар осылайша демографиялық дүмпу туғызып отыр.
Мамандардың айтуынша, жыл жылжыған сайын ана мен бала өлімі көрсеткіші төмендеп келеді екен.

Алла Байспаева, Төлеби аудандық орталық ауруханасының акушер-гинекологы: «Ауданда бала туу көрсеткіші артып келеді. Былтыр 879 бала дүниеге келді. Аналарының да, балалардың да денсаулықтары жақсы. Жуырда перзентханамызда салмағы 5 келі тартатын нәресте дүниеге келді. Алдағы уақытта бала туу көрсеткіші көбейері сөзсіз».

Табиғаты тамаша таулы өңірде алып батырлардың көптеп туылуы заңды да. Бастысы ана мен бала өлімінің көрсеткіші төмен. Дәрігерлер соған қуанулы.