Шетелде жұмыс істегісі келетін қазақстандықтарды кәсіптік және тілдік даярлау орталығы ашылуда

28
Сурет: Halyq-uni.kz

Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасына сәйкес «Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-де шетелде жұмыс істегісі келетін қазақстандықтарды кәсіптік және тілдік даярлау орталығы ашылуда.

Кәсіптік және тілдік даярлау орталығы базасында шетелге жұмысқа жолдануға ұйымдастырылады. Сонымен қатар, Еңбек мобильділігі орталығы мен Жекеше жұмыспен қамту агенттіктері бірлесе қазақстандық азаматтардың құқықтарын қорғау, оларға жалақының мерзімінде төленуі мен медициналық қызмет көрсетілуін және еңбек қатынастарын заңдастыру бойынша кеңестер беру шаралары көзделуде.
Бүгінде «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-мен Түркістан қаласында орналасқан ұйымдармен ынтымақтастық меморандумдар түзілді. Аталған ұйымдар кәсіптік даярлау мен қайта даярлау, шет тілдерін үйрету курстары мен медициналық зерттеуден өткізіп, тиісті қорытынды беретін медициналық ұйым, сондай-ақ, жатын орындарды мен тамақтандыруды ұсынатын қонақ үй ұйымдастырады.
Шетелде жұмыс істегісі келетін қазақстандықтарды кеңес алуға және шетелге кету алдында дайындық жұмыстарын ұйымдастыру, заңдастыру кезінде туындаған сұрақтар бойынша «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-не шақырамыз.
Мекенжайы: Түркістан қаласы, Құлыншақ ақын көшесі, №90а ғимараты.
Байланыс нөмірлері: +7 777 106 73 88, +7 776 207 0021