Түркістан облысы мен Шымкентте газ тапшы

12

Шымкент пен Түркістан облысында сығымдалған газ тапшы. Кейбір жанармай құю станцияларында «газ жоқ» деген тақтайшалар ілінген, ал бірқатарында талондар бойынша газ босатылуда. Энергетика министрлігі бұл жағдайдан хабардар. Олар аймаққа газ жеткізу азайып, газбен жұмыс істейтін көліктердің көбейіп бара жатқанын айтады.

Жанармай құю станцияларындағы «газ жок» тақтайшасы шымкенттіктер мен Түркістан облысының тұрғындары үшін үйреншікті көрініс. Жылда жүргізушілер көгілдір отын тапшылығына тап болады. Көптеген жанармай құю станцияларында газ құю мүмкін емес, өйткені бекеттердің көбісінде бұл отын түрі талон бойынша босатылуда.

Тұрғын: «Газ жоқ, сіз 2-3 сағат кезекте тұрасыз және жанармай құю үшін жеткіліксіз. Жанармай құю ЖЖБ іздеп жүріп әрең табамыз».

Тұрғын: «Бүгін таңертең 5:30-да мен құйғыздым. Күнде  2-3 сағат кезекте тұрамын. Ал Алматы, Астана қалаларында мұндай дүрбелең жоқ, тек Шымкент пен Түркістан облысында».

Энергетика министрлігінде газдың көлемі төмен екенін айтады. Жеткізу жоспары аясында Түркістан облысына ай сайынғы қажеттілігі 14 мың тоннаның орнына 11 мың 949 тонна бөлініпті. Шымкентте газға қажеттілік 7 мың 686 тоннаны құраса, барлығы 6 мың 565 тонна бөлінген. Тапшылық шамамен 15% құрады.

Қайрат Сатымов, ҚР ЭМ газ өнеркәсібі департаментіндегі   мұнай-газ басқармасының басшысы: «Біз мұндай жағдайдың орын алатынын ескергенбіз. Өйткені көптеген көлік жүргізушілері газға ауысқан.  Зауыттар, өндірушілер жазғы кезеңде жоспарлы алдын алу жөндеуге шығады.  Тамыз айы туралы айтатын болсақ, Түркістанға 540 тонна және 1240 тонна бөлінген».

Қоғам белсенділерінің айтуынша, қатаң бақылау қажет: барлық газ жанармай құю станцияларына жете ме, оны қалай бөледі және тапшылық кезінде жоғары бағамен сатылмайды ма?

Қайыпбек Қамбаров, «Жанар-жағармай» қауымдастығының төрағасы: «Газ және мұнай өнімдерін тарату кезінде біз қоғамдық кеңестің де ұсыныстарын ескеруін талап етеміз Біз қазір салалық ұйымдар қатысу үшін мәселені көтереміз. Есеп болмаған кезде, бақылау жоқ, бұл стратегиялық тауар».

Сарапшылар жақын арада газ тапшылығы сақталуы мүмкін, бұл бағаның сөзсіз өсуіне әкеледі деп болжам жасауда.