Жұмат Шанин атындағы қазақ драма театрына-95 жыл

33
фото Отырар

Шымкенттегі Жұмат Шанин атындағы театрға 95 жыл толады. Бұл атаулы датаны театр қызметкерлері мұрағаттық құжаттардан тапқан. Бастапқыда театр өткен ғасырдың 1934 жылдары құрылды деген болжам бар болатын. Енді мұндай керемет жаңалықтан кейін, 95 жылдық тарихы бар театрдың құрметіне мегаполисте бірқатар мәдени іс-шаралар өтеді.

Театрдың құрылуына қатысты тарихи әділдікті Жұмат Шанин атындағы театр қызметкерлері қалпына келтірді. Олар театрға 95 жыл екенін дәлелдейтін бірегей мұрағаттық құжатты ұсынды. Осығандейін театр кейінірек салынған деп болжанған. 1929 жылғы құжат мәдениет объектісінің нақты жасын көрсетеді.

Сая  Қасымбек, Ж. Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының әдеби бөлім меңгерушісі: «Біздің қолымызда осы архивтік құжат, архивтен тапқан Шымкент театрын күрделі жөндеуге арналған смета бар. Барлығы мөрмен көрсетілген. Осы сәттен бастап әділдікті қалпына келтіруді тіледік».

Жұмат Шанин атындағы театрдың сахнасында жүздеген спектакльдер қойылған. Мұнда тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де танымал көптеген көрнекті актерлер мен режиссерлер өз мансабын бастады. Биыл труппаны 18 жас актерлар толықтырды. Шығармашылық ұжымда барлығы 88 адам, оның 55-і актерлер.

Сәрсен Құранбек, Шымкент әкімінің орынбасары: «Театрда еңбек етіп, оның дамуына үлес қосқандар Шымкенттегі қазақ драма театрының тарихы 1934 жылдан емес, әлдеқайда ертерек басталатынын айтты. Сондықтан  бұл әділеттілікті қалпына келтіргіміз келді. Жұмат Шанин театрдың дамуына зор үлес қосты, мәдениетті сіңірді, біз оның ісін жалғастырамыз».

Мерейтойлық датаға орай Шымкентте Орталық Азия елдерінің Халықаралық театр фестивалі өтеді, оған түрлі мемлекеттерден шығармашылық ұжымдар қатысады деп күтілуде.