№2 балалар саз мектебінде «Ашық есік» күні өтті

26

Шымкент қаласындағы №2 балалар  саз мектебінде Ашық есік күні өтті. Балаларға арналған тарихы тереңде жатқан білім нысанының ғимараты 2023 жылы қайта салынды. Бүгінде заманауи үлгідегі өнер ошағында 1800 баланың музыкалық, хореография және бейнелеу сабақтарына қатысуға мүмкіндіктері бар.

Сахнада №2 балалар саз мектебінің оқушылары. Өнер әлеміне қадам жасап, таңдаған бағыттары бойынша дәріс алған бүлдіршіндер ұстаздарынан үйренгендерін ата-аналарының, келген қонақтардың назарына ұсынды.

Іргетасы 1958 жылы қаланған саз мектебі уақыт келе тозығы жеткендіктен сүріліп, орнына 2023 жылы жаңадан үш қабатты керемет ғимарат тұрғызылған. Заманауи үлгідегі өнер ошағында балаларға барлық жағдай жасалған. Хореография бөлімінде бидің қыр- сырын меңгеруге ынта білдірген балалардың сабақтан қалмайтыны қуантады дейді ұстаздар.

Салтанат Жанкелдіқызы, хореограф: «Балаларды жазамыз, олар бізде 7 жыл оқиды. бітіргені туралы куәлік алады. Сабақтан ешкім қалмайды».

Шығармашылық ордасында 13 бағыт бойынша дәріс беріледі. Фортепиано, флейта, саксофон, рубаб, скрипкадан бөлек ұлттық аспаптар домбыра, қобыз дәріптеледі. Саз мектебінде өзінің оркестрі де бар.

Ерғали Дәуренбеков, №2 балалар  саз мектебінің мұғалімі: «Күйлерді  орындау балалар үшін қиындау болды. Алайда олар бар ынта-ықыласымен  тырысты. Алғысым шексіз».

Ашық есік күні мерекелік іс -шарасы барысында ата-аналар өз балаларын қалаған үйірмелеріне жаздыртып қана қоймай, олардың жетістіктеріне де куә болды.