Көкпардан Ұлттық құрама Өзбекстанды айқын басымдықпен жеңді

28
фото «Ұлттық және ат спорт түрлері орталығының» баспасөз қызметі

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстан көкпаршыларын 16:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды «Ұлттық және ат спорт түрлері орталығының» баспасөз қызметі.

Бірінші таймда қазақстандық көкпаршылар 8:0 есебімен алда келе жатты. Екінші таймда есепті 16:0-ге жеткізді.
«Қарсыласымызды өте жақсы білеміз. Өзбекстанға барғанда ойнағанбыз. Аттарымызды барынша дайындадық. Жеңіске жетуге барымызды салдық», – деді көкпардан ұлттық құрама спортшысы Құрманбек Тұрғанбек
«Қазанат» ипподромында өтіп жатқан көкпар бәсекесіне 9 мемлекеттің құрамасы қатысып жатыр. Бұл спорт түрінен барлығы 104 спортшы сынға түседі. Көкпардан бақ сынайтын құрамалар: Қазақстан, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Венгрия, Қытай, Моңғолия және Түркия.
Финалдық ойындар 12 қыркүйекте өтеді.