Түркістан облысының полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ордабасы, Арыс және Бәйдібек аудандарының аумағында мал ұрлаумен айналысатын адамдар тобының қылмыстық әрекетін тоқтатты.
Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы мен Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 3 күдіктіні, яғни 2-еуі бұрын сотты болған ер адамдарды ұстады.
Бүгінгі таңда жедел уәкілдер олардың шығыны 7 миллион теңгеге жуық болатын мал ұрлығының 10-нан астам фактісіне қатысы барын анықтады. Күдіктілер көбіне сиыр мен қой ұрлаған. Содан кейін ұрланған малды Шымкент қаласына өткізіп отырған.
Полицейлер тінту шараларын жүргізу кезінде ұрланған малдың бір бөлігін тәркілеп алып, заңды иелеріне қайтарып берді. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп, олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.