Шымкентте 3915 науқас дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілді

30
фото zen.yandex.ru

Қалалық прокуратура медициналық ұйымдарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету заңдылығын тексерді.

Тексеру барысында 12 қалалық емханада диспансерлік есепте тұрған 4 мыңға жуық науқас мемлекет кепілдік берген тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілмегені анықталды.

Қадағалау актісі негізінде 3915 науқасқа дәрі-дәрмек берілді, 12 бас дәрігер ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабымен (Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) әкімшілік жауаптылыққа тартылып, олардан 2 миллион теңгеден астам айыппұл өндірілді, 108 медицина қызметкері тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.