ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен Шымкент қаласында синтетикалық есірткі өндірісіне қатысты жасырын зертхананың әрекетін тоқтатты.
Есірткі заттарының кезекті партиясын дайындау кезінде екі шетелдік ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.
Шамамен 4 кг «мефедрон» психотроптық заты, 50 литр прекурсор, шетелвалютасында ақшалай қаражаттың ірі сомасы, сондай-ақ «синтетика» дайындауға арналған зертханалық жабдық алынды.
Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.