Шымкентте тұмау жағдайлары артып, эпидемиологиялық маусымға дайындық күшейтілді

34
фото ortcom.kz

2024 жылдың алғашқы 8 айында Шымкент қаласында ЖРВИ аурушаңдығы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,15%-ға төмендеді. Алайда, тұмау көрсеткіші 1,66 есеге өсіп, эпидемиологиялық жағдай нашарлады. 2023-2024 жылдың эпидемиологиялық маусымында (қазаннан сәуірге дейін) тұмаудың 138 жағдайы А (H3N2) түрімен, ал 1 жағдайы В түрімен тіркелді. Өткен маусымда А (H3N2) бойынша 3, ал В түрімен 103 жағдай анықталған болатын. Сырқаттанушылық 1,3 есеге өскен, ал ауруға шалдыққандардың 33%-ы – 14 жасқа дейінгі балалар.

ЖРВИ ішінде тұмаудан басқа вирустар биылғы эпидемиологиялық маусымда 16 рет, ал өткен маусымда 20 рет анықталды.
Медициналық мекемелерде ЖРВИ, тұмау және COVID-19-ға қарсы алдын алу шаралары күшейтілді. 1 қыркүйектен бастап барлық мекемелер вакцинация науқанына дайындықты аяқтап, медицина қызметкерлері бетперде режиміне көшті. 15 қыркүйектен бастап осал топтарға тұмауға қарсы тегін вакцинациялау жүргізілуде.
Сонымен қатар, кіреберістерде ЖРВИ және тұмау белгілері бар науқастарды анықтауға арналған арнайы сүзгілер ұйымдастырылып, мекемелерде дезинфекциялық және температуралық режимдер күшейтілді.