Шымкенттік оқушы халықаралық ғылыми жобалар конкурсында күміс медаль иеленді

21
фото ШҚББ
Шымкент қаласы Дарын орталығының 2023-2024 оқу жылында ұйымдастырылған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінде Амина Сәуленбек 2 орынға ие болған болатын. Ал жақында тағы да ақжолтай хабар жетті. Ө.А.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейдің 11 сынып оқушысы Сауленбек Амина Индонезияда өтілген халықаралық ғылыми жобалар конкурсында күміс алқаны иеленді.