Шымкенттің жас отбасылары спорттық жарыста бақ сынады

21
Фото: Отырар.кз

Шымкентте жас жанұялар арасында “Парасатты отбасы” байқауы өтті. Іс-шара Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар ісі басқармасының ұйымдастыруымен өтті.

Спорттық жарысқа 15 белсенді отбасыдан құралған команда қатысты. Олар әртүрлі қиындықтар кездесетін 5 кезеңнен өтті. Спорттық байқау үздіктеріне қомақты қаржылай сыйлық тарту етілді. “Жарысты өткізудегі мақсат — халықты салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру”, -дейді ұйымдастырушылар.