«Студенттер» аялдамасы жанындағы жаяу жүргіншілер жолағы енді болмайды

22
фото m.yk-news.kz

Жағымды жаңалық.  Шымкент қаласындағы  А.Байтұрсынов көшесіндегі «Студенттер» аялдамасының жоғарғы жағында орналасқан жаяу жүргіншілер жолағынан үздіксіз өткен жолаушылардың ағынынан кептеліс орын алатыны  жайлы  жазған болатынбыз.

Қалалық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы шешім қабылдапты:

«Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көліктердің қозғалысын оңтайландыру мақсатында, А.Байтұрсынов көшесі Студқалашық аялдамасы маңындағы жаяу жүргіншілер өткелі жабылатын болады.

Жаяу жүргіншілердің назарына!
Жолдан өту үшін А.Байтұрсынов-О.Жандосов көшелерінің қиылысындағы бағдаршам арқылы және №47 орта мектебінің маңындағы жерүсті жаяу жүргіншілер өткелін пайдалануды сұраймыз.

Жол жүру ережелерін сақтау қажеттілігі жоғары екенін мәлімдейміз».