Субсидияны заңсыз алған фермерлерге қатысты үкім шықты

22
фото egemen.kz

Субсидия алу үшін электрондық базаға жалған деректерді енгізген фермерлерге қатысты үкім шығарылды.

Қалалық прокуратураның мәліметінше, күдіктілердің бірі өндірілген сүт көлемін негізсіз ұлғайтып, мемлекеттік қолдау алған. Құқық бұзушылық үшін ол үш жылға бас бостандығын айрылды . Қалған төрт ферманың иелері өз кінәсін толық мойындап, келтірілген залалды өтеді. Фермерлер тапсырылған сиыр сүтінің әрбір литріне 20 теңгеден субсидия алған. Осылайша, 24 миллион теңгеге бюджетке залал келтірілді. Ауыл шаруашылығы басқармасы Президент Жолдауынан кейін қаржылық қолдау көрсетудің өзге де тетіктері қаралып жатқанын айтты.

Қали Бейсенбаев, Шымкент қаласы прокуратурасының аға прокуроры: «Қала әкімдігіне бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізілді. Тексеру нәтижелері бойынша жауапты басқарма басшысының орынбасары, екі бөлім бастығы және бірнеше маман тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Алдағы уақытта субсидияларға бөлінген барлық мемлекеттік қаражат прокуратураның тұрақты бақылауында болады».