Шымкент тұрғыны өзіне тиесілі жерлеріне құқығын қорғауда. 20 жыл бұрын бірнеше гектар жерді сатып алған, ол жерлерде қазір 20-ға жуық отбасы тұрады. Азаматта, оның құқығын айқындайтын құжаттары, соның ішінде облыс әкімдігінің жер бөлу туралы алғашқы шешімі бар. Алайда уақыт өте облыстық мұрағаттан қалалық мұрағатқа тапсырылуы тиіс құжат жоқ болып шықты.
Елікпай Сапақов жастайынан ұжымшарда жұмыс істеді. 2004 жылы ол жер үлесін алып, екі жылдан кейін 2 гектардан астам жерді жеке меншікке сатып алды, содан кейін учаскелерді мұрагерлер арасында бөлді. Уақыт өте келе олардың кейбіреулері сатылды. Қазір мұнда 20-ға жуық отбасы тұрады. Бас жоспар бойынша учаскелер «Жеке тұрғын үй құрылысын» жүргізуге берілген, адамдар мұнда үйлер салды, коммуникациялар жүргізді. Енді 20 жылдан кейін құзырлы орган қала тұрғындарынан бұл жерлерді қайтармақ. Себебі мұрағатта маңызды құжат — облыс әкімдігінің жер бөлу туралы алғашқы шешімі жоқ. Сондықтан прокуратура енді заңсыз басып алынған учаскелерді мемлекет пайдасына алып қоюды көздеп отыр.
Оразалы Кенжебеков, тұрғын: «Олар біздің 1611 нөміріндегі құжатымызда тағы бір құжат бар дейді. Бізде барлық құқығын растайтын құжаттар бар, ол БТИ-де, архитектурада тіркелген, барлық жерде тіркеу бар, құжаттар жаңартылған. 20 жыл өтті, құжаттардың ескіру мерзімі өтті, бірақ соған қарамастан, жағдай осылай өрбіп жатыр».
Сараптама мөр мен қолдың түпнұсқа екенін және жер учаскесіне мөр де, қойылған қол да Түркістан облысына тиесілі болған кезде Сайрам аудандық әкімдігінде қойылғанын растап отыр .
Ақтоты Өмірбекова, заң кеңесшісі: «Бұл жерлер жеке меншікке сатып алынды: Олар сатып алу-сату шарты бойынша сатып алынған, онда құжаттар қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі тексеріліп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес нотариуста куәландырған».
Тұрғындар Сайрам аудандық әкімдігіне бірнеше рет жүгінген. Олар екі жыл бойы өз жерлері үшін күресіп келеді. Аудан әкімінің орынбасары Шухратулла Убайдуллаев адамдарға көмектесуге уәде берді.
Шухратулла Убайдуллаев, Сайрам ауданы әкімінің орынбасары: «Біз құжаттарды көтереміз және қажет болса сотқа да барамыз. Мұрағаттардағы құжаттарды көтереміз, мүмкін журналдарда тіркелген болар, мүмкіндігінше көмектесеміз».
Егерде олар болмаса, адамдар адал жолмен сатып алған баспаналарысыз қалуы мүмкін.