Әйел дүкен сөресінен ұялы телефон ұрлаған

36
фото ЕАПБ

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында созақтық полицейлер ұрлыққа қатысы бар жергілікті тұрғын әйелді анықтады.

Күдікке ілінген әйел дүкенге тұтынушы болып кіріп, өзіне қажетті заттарды алмақшы болған. Осы сәтте дүкен ішінде тұрған «Redmi» ұялы телефонға көзі түскен ол оңай олжалы болуды көздеп сөре тұрған ұялы телефонды білдіртпей жымқырып кеткен.
Полицейлер күдіктіден айғақты зат ретінде бөтеннің мүлкін тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.