Әкімнің кезекті кездесуінде жалға берілетін пәтерлер мәселесі көтерілді

32

Бірнеше күннен бері Шымкент қаласы әкімінің халықпен кездесулері қалай өтіп жатқаны туралы айтып келеміз. Әр ауданда коммуналдық қызметтер мен жолдар мәселесі міндетті түрде қозғалады. Ең көп сауал жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына қойылуда. Тұрғындарды Шымкенттің жылыту маусымына дайындығы қызықтырады. Өйткені өткен жылғы қателіктер бәрінің есінде. Сонымен мегаполис қысқы маусымға дайын ба? 

Әкімді күткен бұл тұрғындардың қала басшысына қояр сауалдары өте көп. Мәселен, бұл ер адамды вокзал маңындағы алаңда орналасқан сағат қашан жұмыс істейтіні қызықтырады. Сөзінше, бүгінге дейін бірде-бір әкім осы мәселені толықтай шешпеген.

«Ақсақал, оны бұзып кетіпті, Петербургтан бөлшектерін күтіп жатырмыз, қосамыз», — деді қала әкімі.

Өңір басшысы қосалқы бөлшек туралы сұраққа жауап беріп жатқанда әкімге жаңа шағым түсті. Әл-Фараби ауданының тұрғындары қатты жауын-шашын кезінде аулаларды су басатынын айтты. Мәселе тек бұл ауданға ғана қатысты емес.

Ғабит Сыздықбеков ирригациялық жүйені жаңарту жұмыстары жақын арада басталатынына сендіріп, аудан әкіміне мәселені жедел шешуді тапсырды.

Өзекті мәселелердің бірі – күнделікті жалға берілетін пәтерлер. Тұрғындар әкімнен бұл мәселені бақылауға алуды сұрайды! Ғабит Сыздықбеков бұл мәселені Шымкент полициясының жаңа бастығына тапсырды, ол өз кезегінде проблеманы түбегейлі шешетінін жеткізді.

Нұрлан Алмасбеков, Шымкент қаласы ПД бастығы: «Пәтерлер бойынша рейд жүргізіледі. Тізім бойынша тексереміз. Бұзушылыққа жол бергендер міндетті түрде жазаланады».

Ал бұл ауданның басқа бөлігі, сағат кешкі 19:00-ді көрсетсе де мегаполис басшысының тұрғындармен кездесуі жалғасуда. Мұнда сұрақтардың басым бөлігі тазалық пен жылу мәселесіне қатысты. Қала әкімі көтерілген әрбір мәселе назардан тыс қалмайтынын жеткізді.