Шымкентте мектептің бас бухгалтері анасының еміне қажет болған ақшаны мемлекет бюджетінен жымқырған. М.Әуезов атындағы №96 білім ордасының бас есепшісі қызметтік жағдайын пайдаланып, ай сайын өзінің есеп шотына белгіленген мөлшерден артық қаражат аударып отырған. Ол ел қазынасына 5 млн. теңгеден астам мөлшерде залал келтірген.
Жанерке Атыкаева, Шымкент қаласы прокуратурасының өкілі: «Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен №96 М.Әуезов атындағы орта мектептің бас бухгалтері сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқырғаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды»
Айта кетейік, сот үкімі күшіне енген. Ал мемлекетке келтірілген шығын қазынаға толықтай қайтарылды.