Ақсу ауылында кәріз құбырының үстіне салынған дүкенге қатысты дау туындады

29
фото САӘБҚ

 Сайрам ауданы әкімі Арман Сәбитовтің тұрғындарды жеке қабылдауы бүгін тағы жалғасты. Тікелей қабылдауға алдын ала жазылған азаматтар өздерін толғандырып жүрген мәселелерін жеткізді.

Қабылдауда қарасулық зейнеткер электр бағаналарын жаңарту, көшеге атау беру, реттік сандар мен жарықшамдар орнату, сонымен қатар газ құбырларын тиісті талаптарға сай жүргізу туралы өтінішін білдірді. Аудан басшысы аталған мәселенің мән-жайын анықтау мақсатында өзі арнайы барып, танысатынын айтты.
Тағы бір тұрғын мектеп құрылысы үшін жер телімін рәсімдеуді сұрады. Бұл мәселенің шешімін табу тетігі облыстық білім басқармасына қарай бағытталды.
Ал, ауылдық округ әкімі сайлауына қатысуға ниетті азаматқа алдағы уақытта өзі үміткер ретінде бағын сынауға болатынын айтты.
Бұдан бөлек, Ақсу ауылындағы азаматшаның кәріз құбырының үстіне салынған дүкенге қатысты дауы талқыланды. Бұл мәселенің жай-жапсарын егжей-тегжейлі білу үшін ауылдық округ әкімі мен аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі маманы бірге баратыны анықталды.
Сонымен қатар, «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша несие алуға ниетті азаматқа құжаттарын аудандық экономика және қаржы бөліміне жолдау қажеттігі белгіленді.
Және «Мирас» қоғамдық бірлестігі үшін Манкент ауылдық округінің мәдениет үйінен бір бөлмені жалға алу бойынша тұрғындардан талап-тілек түсті. Арыз иесіне егерде бос жер телімі болған жағдайда аукцион арқылы басқа жер телімін қарауға қатысты ұсыныс жасалды.
Кездесу соңында Қарасу ауылының тұрғыны «Агрофирма Мәртөбе» кәсіпорнының жер теліміне қатысты мәселесін жеткізді. Аталған мәселе назарға алынып, алдағы уақытта аудандық құқық қорғау, жер саласы қызметкерлері тарыпынан тиісті зерделеу жұмыстары жүргізілетіні айтылды.
Қозғалған сауалдар бойынша заң аясында жауаптар беріліп, сала басшыларына тиісті тапсырмалар берілді. Барлық сұрақтар бақылауға алынып, хаттамаға енгізілді.