Білім ордасынан оқу өндірістік ғимарат ашылды

23
фото КҚӘБҚ

Кентау қаласының 69 жылдық мерейтойы қарсаңында «Кентау гуманитарлық-техникалық колледжі» базасында жаңа тұрпатты Оқу өндірістік ғимараты пайдалануға берілді.

Салтанатты шараға қатысқан қала әкімі Жандос Тасов білім ордасының басшылығын және студенттерді мерекемен құттықтап, нағыз маман тәрбиелеуде мүмкіндік беретін ғимараттың ашылуына тілектестік білдірді.
Жаңа ғимаратта жас мамандар оқумен қатар тәжірибе алмасып, өндірістік саланың қыр-сырын меңгеруге мүмкіндік алады.
Айта кетейік, 2008 жылы құрылған 16 жылдық тарихы бар колледж алғашқы талапкерлеріне білім қақпасын айқара ашқан күннен бері, бәсекеге қабілетті орта буын мамандарын дайындау жөніндегі бастамаларын жүзеге асыруға белсенді түрде қатысып келеді.
Сондай-ақ облыс көлемінде өтетін түрлі олимпиядалар, конкурстар және «WorldSkills» Облыстық байқауларында жүлделі орындарды иеленіп келе жатқан оқу орны.
Осы жылдар ішінде колледжді табысты аяқтаған 1175 тен астам бітірушілер еліміздің түпкір-түпкірінде өндірісте еңбек етуде.
Колледжде жаңа заман талабына сәйкес дуальді оқыту жүйесі жақсы жолға қойылған. Облыстық білімді қадағалау департаментінің 28 тамыз 2024 жылғы шешімімен колледжде «Қолданбалы бакалавриат» мамандарын дайындауға мемлекеттік лицензия беріліп, колледжге «Кентау жоғары Гуманитарлық Техникалық колледжі» статусына ие болған.