Түркістан: 4 мектеп апатты жағдайда тұр

42

Түркістан облысында апатты жағдайда тұрған 4 мектеп бар. 2022 жылы ғана пайдалануға берілген білім ордасының үстінен де шағымдар түскен. Сондай ақ, өңірде үш ауысымды мектеп мәселесі әлі де шешілмей отыр. Кей ауданда мектеп жетпей жатса, енді бір аудан берілген білім ордасын пайдаланбай отыр. Саладағы өзекті проблемалар туралы толығырақ…

Түркістан облысында үш ауысымды 5 мектеп бар. Сондай ақ, тағы 4 білім ордасы апатты жағдайда тұр. Мәселен, Сайрамда 2022 жылы ғана пайдалануға берілген мектептің бүгінде жаңбыр жауса жертөлесі суға толатын көрінеді. Сондай ақ, мектептің сыртқы құрылысы да сапасыз деген шағымдар жетерлік. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдыға жеткен бұл мәселелерді, өңір басшысы 1 апта ішінде шешуді тапсырды.