«Chia Tai Tianging Pharmaceutical Group» қаржы пирамидасына қатысты іс сотқа жолданды

34
фото ТОП

Түркістан облысының прокуратурасы 2022-2023ж.ж. Төлеби ауданы аумағында орын алған «Chia Tai Tianging Pharmaceutical Group» қаржылық (инвестициялық) пирамидасының заңсыз іс-әрекеттеріне қатысты ҚК 217-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен қылмыстық істі сотқа жолдады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесімен қылмыстық іске 20 тұлғаның қатыстылығы анықталды. Олардың іс-әрекеті салдарынан 279 жәбірленушіге жалпы – 391,7 млн теңге материалдық залал келтірілген.

Тергеу барысында күдіктілердің қылмыстық жолмен табылған мүліктеріне тыйым салынды.