Дауылды ескерту жарияланды

22
фото САӘБҚ

Түркістан облыстық және Сайрам аудандық Төтенше жағдайлар басқармалары мамандарының мәліметіне сәйкес, 21 қазанда таңертең және күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндІз облыстың солтүстігінде батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күш 15-20 м/c. жел соғады.

Түркістан қаласында 21 қазанда күндіз
найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан Солтүстікке ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. жел соғуы ықтимал.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты, Төтеншеліктер тұрғындарды сақтық шараларын ұстанып, жол қозғалысы ережелерін сақтап, жолда жүру жылдамдығын асырмауға шақырады. Бұған қоса, малды өріске алысқа шығармау қажеттігін, ағаштар мен электр бағаналары маңынан алысырақ жүру керектігін ескертеді.
Сондай-ақ, дауылдан сақтану үшін жол бағыттарын алдын ала зерделеп, тұрғындардың сынған немесе бүлінген ғимарат жанынан, су айдындары аумағынан аулақ жүруі қажеттігін қаперлеріне салады.