Мал және ет өнімдерін тасымалдайтын көліктердің құжаттары тексеріліп,  70-азамат жауапкершілікке тартылды

22
фото МАІІБ

Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің біріне айналып отырған мал ұрлығы қылмыстарының алдын алу, болдырмау, орын алған қылмыстарды ашу және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Ұрлықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру мақсатында Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің полицейлерімен қарқынды профилактикалық іс-шараларға аса көңіл бөлінуде. Оған дәлел ағымдағы жылы 9–ай қорытындысымен өткен жылмен салыстырғанда мал ұрлығының тіркелімі 85,7%-ға төмендеді.

Дегенімен мал ұрлығының алдын алу мақсатында күнделікті профилактикалық іс-шаралар жалғасуда. Жалпы 9 айда атқарған жұмыс нәтижесінде қараусыз жүрген мал иелеріне әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 408-бабы бойынша – 576 хаттама толтырылды. Одан бөлек жергілікті атқарушы орган – халық – бақташылар арасында үш жақты келісімшарт жобасы аясында жалпы 960 келісім шарт түзілді.
Аудандық полиция бөлімі, аудандық прокуратура қызметкерлерін, жергілікті ауыл шаруашылығы бөлімдерінің мамандарын, яғни ветеринариялық бақылау инспекторлары мен ветеринариялық дәрігерлерді тарта отырып, мал ұрлығын жасайтын тұлғалады, ұрланған малдарды сатып алушылар мен сатушыларды, заңсыз мал сою орындарын анықтау мақсатында, мал сою орындарына, ет өнімдері сатылатын сауда орындарында, базарларда, сауда орталықтарында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды. Және де малдарды жаппай сырғаландыру және тасымалданатын малдың тиесілігін тексеру мақсатында мал және ет өнімдерін тасымалдайтын автомашиналардың тиісті құжаттардың бар-жоғы мәні тексеріліп, нәтижесінде құқық бұзушыларды әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 406-бабы бойынша 70-азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Өңір полицейлерімен жоғарыда аталған профилактикалық іс-шаралар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Ұрлықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында ұдайы түрде жүргізіліп келеді. Яғни, бөлім қызметкерлерімен құрылған жалпы 3 түнгі топ қызметкерлерімен жыл басынан жалпы 1 423 мал тасымалдаушы көліктер, оның ішінде 2 091 мал саны тексерілді.