«Оңтүстік Рабат» және «Рабат» газеттеріне жазылу жалғасып жатыр

22
фото Отырар.кз

Шымкентте «Отырар» медиа холдингінің ұйымдастыруымен «Басылымдарға жазылу күні» өтті. Бұл күні «Рабат» және «Оңтүстік Рабат» газеттерінің оқырмандары редакторлар және журналистермен жеке кездесіп, өзекті мәселелерді талқылап, өз ұсыныстарымен бөлісе алды.

Әрбір оқырман іс-шара демеушілерінен естелік сыйлықтарға ие болды. Мереке атмосферасын Балалар өнер мектептері оқушыларының туындылары толықтырды.

Бұл күн «Отырар» медиахолдингі газеттерінің адал достары үшін нағыз мереке болды. Таңертеңнен бастап, кеңседе сүйікті басылымдарына жазылуды ұзартқысы келетін «Рабат» және «Оңтүстік Рабат» газеттерінің оқырмандары жиналды. Олардың арасында 84 жастағы Әлия Саттарова да бар. Ол ұлымен бірге басылым қызметкерлеріне жеке алғысын білдіру үшін редакцияға арнайы келіпті:

«Алла істеріңнің берекесін берсін. Жұмыстарың алға бассын. Үлкен рахмет жұмыстарыңа».

Ұйымдастырушылар бірде-бір жазылушыны назардан тыс қалдырған жоқ. Барлығына серіктес компаниялардың өнімдеріне сертификаттардан бастап театр қойылымдарына кіру билеттеріне дейін сыйлықтар берілді. Демеушілер арасында «Ладушки», флебология және лазерлік медицина клиникасы, IZUMY сауда желісі, орыс драма театры, Barf сауда маркалы Swedkaz компаниясы және Gramad супермаркеттер желісі пайдалы және керемет сыйлықтар ұсынды. Ал балаларға және ересектерге спорт, шығармашылық пен білімге бірыңғай абонентті ТАП Го ЖШС-і ұсынды. Өз сыйлықтарын Теннис федерациясының Шымкент қаласы бойынша филиалы да дайындады.

Татьяна Катеринюк, Теннис федерациясының Шымкенттегі филиал өкілі: «Баршаларыңызды тениспен айналысуға шақырамыз. Салауатты өмір салтын ұстану — мықты денсаулықтың кепілі. Біз балаларға бірреттік абонемент  сертификатын  алып келдік».

Интернет пен әлеуметтік желілер үстемдік ететін әлемде өз аудиториясына тек дәлелденген және пайдалы ақпаратты жариялауды «Отырар» медиахолдингі жалғастыруда. Оқырмандар бұрынғыдай «Рабат» және «Оңтүстік Рабат» газеттеріне сенім артады. Сондықтан болар, бүгінде орыс тілді басылым «Рабаттың» таралымы 7 мың дана болса, қазақ тілді газет «Оңтүстік Рабаттың» таралымы 5 мыңнан асты.
«Басқа газеттер   жазбаған ақиқатты айтады сол үшін «Оңтүстік Рабат»-ты  оқимыз дейді тұрақты оқырман  Аман Омаров.

Жәнібек Нұрыш, Oñtüstık Rabat газетінің бас редакторы: «Газетімізде жаңа айдарлар ашылды. Заңгер кеңесі, онда барлық сұрақтарыңызға жауап аласыздар. Инфрақұрылым, көше жолдары сияқты оқырмандарымыз көтерген  проблемаларды шешу жолдарын бірге іздейміз. Олар фотосын  жібереді,  кері байланысты орнатып, алдағы уақытта да еңбек етеміз».

Басылымға жазылу ашық күнінде №2 және №4 балалар саз мектептері оқушыларының өнері көпшілікті тәнті етті. Бізге үнемі қолдау көрсететін медиахолдинг ұжымына алғысымызды белгілі сазгерлердің туындысымен білдіргіміз келді дейді өнерпаздар. Ал оқырмандар болса, «қызықты жағымды жаңалықтарыңыз көп болсын, кәсіби шеберліктеріңіз өссін» деген тілектерін редакция ұжымына көзбе-көз айтуға мүмкіндік алды.