«Махаббат хикаясы» байқауының жеңімпаздары анықталды

350

«Махаббат хикаясы». Осындай тақырыппен «Рабат» газетінің оқырмандары арасында ұйымдастырған үздік шығарма байқауы мәресіне жетті. Ұжым 1 ай бойы үлгілі отбасының оқиғасын, ондағы бірлігі жарасқан бақытты ғұмырдың құпиясын білуге асықты.

Редакцияға келген мазмұнды шығармалар апта сайын басылым бетінде жарық көріп, оқырманға жол тартып отырды. Үздіктерді анықтау жауапкершілігі де оқырмандарға жүктелген.

Сонымен, көпшіліктің дауыс беруімен байқаудың 1-орнын Матвиенколар отбасы жеңіп алды. Екінші орыннан Новолодскийлар жанұясы көрінді. Ал Әміровтер отбасы үшінші орынды еншіледі.

"Махаббат хикаясы" байқауының жеңімпаздары анықталды
Әміровтер отбасы

Махаббаттары мәнді болып, хикаясымен талайға үлгі болған Әміровтер отбасы байқаудың 3-орнын еншіледі. Шаңырақ көтергендеріне 40 жылға жуықтаған жанұя 4 перзент тәрбиелеп, 12 немере сүйіп отыр.

Исраил Әміров, отағасы: «Рабат» газетінің тұрақты оқырманымын, үйіме дейін әкеліп береді. Алғашында байқауға қатысуға жүрексіндім, кейіннен отбасы болып, сүйікті басылымға мақаланы жұмыла жаздық. Жеңіске жетудегі құпиямыз да осы – жаняұмыздағы бірлік пен ынтымақты боямасыз баяндадық. Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет басты орында. 40 жыл бұрын жолықтырған аяулы жарыма деген құрмет-махаббатым да ерекше, перзенттерімізге тәлім-тәрбие беріп, ұлымызды – ұяға , қызымызды қияға қондырып отырмыз».

«Отбасы болған соң, қиындықтар да қатар жүреді, оның ішінде материалдық қиындықтар да болды. Бірақ бәріне көз жұмып, отағасының кез келген шешіміне құрметпен қарадым. Қазір, шүкір, өніп-өсіп, балаларымның қызығын көріп отырмын» дейді Ольга Әмірова.

"Махаббат хикаясы" байқауының жеңімпаздары анықталды

"Махаббат хикаясы" байқауының жеңімпаздары анықталды

Оқырмандар арасында өрбіген «Махабат хикаясы» байқауы осыдан 1 ай бұрын қолға алынды. Оған күн сайын мақалалар келіп түсті, жерлестеріміздің бірі шығармасын редакцияға әкелсе, екіншісі «Отырар» сайтының көмегіне жүгінді. Бірақ жеңімпазды анықтау жауапкершілігі ұжымға емес, оқырмандардың өзіне жүктелген. Яғни, күнгейліктер басылымға тиесілі сайт арқылы дауыс беріп таңдады.

"Махаббат хикаясы" байқауының жеңімпаздары анықталды

"Махаббат хикаясы" байқауының жеңімпаздары анықталды

Елена Бояршинова, «Рабат» газетінің тілшісі: «Байқаудың ерекшелігі де осы – біз халықтың талғамы, талап-тілегімен санасамыз. Пікіріне құлақ түреміз. Сондықтан, үздіктерді де өздері таңдады. Ал сайыстың басты шарты сезімнің сұлулығын жоғалтпаған өнегелі жанұялардың отандасқанына кемінде 30 жыл толуы болды. Үміткерлер түрлі-түсті фотолары мен мақалаларын үздіксіз жіберіп отырды.»

Жолданған хаттар мен мақалалар қалып қойған жоқ, үздіктері сол сәтте-ақ «Рабат» газетінің айқарма бетінде жарияланды. Яғни, ауызбіршілігі артып, махаббаттарының мерейі үстем, бақытты отбалысылық өмір баяндалатын 10 бірдей шығарма ақтық сыннан көрінді, Оның үшеуі жеңімпаз деп танылып, редакцияның тағайынтаған сый-таруын жеңіп алды.