Профессор Наджи Генч «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды

34
фото КҚӘБҚ

Қ.А.Ясауи университетінің ректор өкілі м.а және Инженерия факультетінің деканы, профессор Наджи Генч Кентау қаласының 69 жылдық мерейтойында «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Қаладағы Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында өткен кеште қала әкімі Жандос Тасов пен қалалық маслихат хатшысы Қабылан Елеусізов тұрғындарды «Қала күні» мерекесімен құттықтады.
Мерекелік кеште елге еңбегі сіңген бірқатар азаматтар «Кентау қаласының құрметті азаматы» атанды. Ал қаланың дамуына үлес қосқан азаматтар – «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» және «Қала жанашыры» төс белгісіне ие болды.
Университетіміздің Кентау қаласында орналасқан Инженерия факультеті шаһардың білім-ғылым саласының дамуына зор үлес қосып келеді. Жалпы ұжымға алғыс ретінде факультет деканы,ректор өкілі м.а Наджи Генчке «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі табысталды. Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов марапатты өз қолымен деканның кеудесіне тақты.