Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Шымкентте әр айдың сәрсенбісінде тұрғындарды бірыңғай қабылдау өтеді. Бұл сәрсенбідегі кезекті қабылдау барысында Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, қала әкімі орынбасарлары, басқарма басшылары мен аудан әкімдері, сонымен бірге полиция және прокуратура өкілдері азаматтарды қабылдады.
Шара барысында 250-ден астам азаматтың өтініші қаралды. Өтініш түсірген тұрғындардың басты мәселелері көбіне тұрғын үй, жер қатынастары, энергетика, білім беру, автомобиль жолдары және абаттандыру салаларына қатысты болды.
Қабылдау кезінде көптеген сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап берілді, ал күрделі мәселелер талдауды қажет ететіндіктен әкімнің жеке бақылауына алынды.Сондай-ақ, әрбір өтініш жан-жақты қаралып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданатын болады.
Жалпы, мұндай қабылдаулар тұрғындардың мәселелері бойынша жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Осыны ескерген қала әкімі жауапты қызметкерлерге халықпен кері байланысты күшейтуді және мәселелерді шешу барысында азаматтардың ұсынысы мен тілектерін ескеруді тапсырды.