Шардарада биыл 4 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылады

21
фото ШАӘБҚ

Шардара ауданында 2024 жылдың алғашқы 9 айында 2 241 адам жұмыспен қамтылған. «Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберінде аудан көлемінде жыл соңына дейін барлығы 3 894 адамға тұрақты жұмыс ұсыну жоспарланған.

Сондай-ақ, жұмыс берушілердің өтініміне орай 65 жұмыссыз деп тіркелген азаматты қысқа мерзімді оқытудан өткізу көзделіп отыр. Сонымен қатар, enbek.kz платформасында 200 жұмыссыз азамат онлайн оқытудан өткен. Бұдан бөлек, «Бастау-Бизнес» бағдарламасымен қазіргі таңда 356 адам кәсіпкерлік негіздері бойынша оқуын аяқтап, сертификаттарын алды. Ал, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз мемлекеттік грант 81 азаматқа берілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына 190 жұмыссыз адам жолданған.