Шардара ауданының сайыпқырандары 19 қазан күні Үндістан елінің Мумбай қаласына армрестлингтен 8-ші Азия кубогінде ел намысын жоғары дәрежеде қорғады. Аталған байрақты бәсекеге Азия құрлығының бірқатар елдерінен құрыш білекті спортшылары қатысып, өзара күш сынады. Ел үмітін арқалаған отандастарымыз, байрақты бәсекеде өз мықтылықтарын тағы да дәлелдеп, 23 алтын медальді қанжығалады.
«Шардара Армспорт» құрамасы еліміздің жалпыкомандалық есепте көш бастауына орасан зор үлес қосты. Екінші орынды Үндістан мемлекеті иеленсе, Иордания мемлекеті үшінші орынға табан тіреді.